Сырдария аудандық соты мен «Сырдария аудандық архиві» өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотының төрағасы Абдрахман Абдулла және «Сырдария аудандық архивінің» басшысы Роза Бексейітова өзара ынтымақтастық  туралы  Меморандумға  қол  қойды.

Сот төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2016 жылғы 16 мамырдағы №6001-16-7-4/98 өкімімен «Құжаттарды қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы» Қағидасы бекітілгенін, Қағида Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын уақытша сақтауды жүзеге асыратын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың, Департаменттің және оның территориялдық бөлімдерінің мұрағаттарына таралатыны, істерді (нарядтарды) ресімдеу, қалыптастыру, уақытша сақтауға мұрағаттарға уақытында тапсыру, тағы сол сияқты мұрағат жұмысын атқару барысында осы Қағиданың талаптарын басшылыққа алатынын айтып өтті.

Меморандум ұлттық архив қоры құжаттарын және басқа да архив құжаттарын жинақтау, уақытша сақтау, сондай-ақ архив құжаттарынан көшірмелер жасауға мүмкіндік беру, құжаттардың құндылығын сараптау, ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстарын жүргізуде әдістемелік-практикалық көмек көрсету, құжаттарды сақтаудың жай-күйіне аса мән беріп, архивке өткізудің заңдылығын меңгеру және ынтымақтастық аясында түрлі іс-шаралар  өткізіп  отыруды  көздейді  деді.

Тараптар қойған талаптарды жүзеге асыруда тығыз ынтымақтастыққа дайын  екендігін  білдірді.

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз хатшысы М.Асан