Сырдария аудандық соты 9 айды қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Абдулла аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшілерінің қатысуымен, ағымдағы жылдың 9 айында қаралған істер мен атқарылған шаралар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Шара барысында сот төрағасы аудандық сотпен атқарылған жұмыстар туралы баяндап, статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті. Ағымдағы жылдың 9 айында аудандық сотқа барлығы 59 қылмыстық іс 83 адам жөнінде түскен, соның ішінде 75 адам жөніндегі 56 іс қаралған. Оның 39 тұлға жөніндегі 31 іс үкім шығарумен аяқталып, 18 іс 26 тұлғаға қатысты өндірістен қысқартылған.

Ал, ағымдағы жылдың 9 айында барлығы 12 іс, 378 арыз түсіп, 369-ы қаралған. Оның 82 ісі сот бұйрығын шығарумен, 242 іс шешім шығарумен аяқталған. 34 іс өндірістен қысқартылса, 10 іс қараусыз қалдырылған және 1 іс соттылығы бойынша жолданған.

Сонымен қатар, 9 айда 225 әкімшілік іс түсіп, 214 іс 214 тұлғаға қатысты қаралғаны, 193 тұлға әкімшілік жазаға тартылған және 21 іс қысқартылған.

Бұдан кейін сот төрағасы медиация тәртібімен қаралған істерге, «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы түскен арыздарға және сот жүйесіндегі жаңа жобалар жөнінде, оның ішінде тез және сапалы түрде мәліметтер алмасуға мүмкіндік туғызып отырған «Төрелік» ақпараттық жүйесі туралы, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар жөніндегі ақпараттармен бөлісті.

Баспасөз конференциясы соңында аудандық сот төрағасы аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісіне алғысын білдірді.

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі