Суық қару ұстағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 287 -бабының 1-бөлігімен сотталушы У-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша азамат У -ды полиция қызметкерлері тоқтатып тексеру барысында, джинси шалбарының оң қалтасынан қолдан жасалған суық қаруға жататын пышағын заңсыз алып жүргені анықталған. 

Сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті, сотта өзінің айыбын  мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденді.

Әрі сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, азамат У-дан алынған пышақ суық қару болып табылады.

Сот үкімімен сотталушы У. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 287 -бабының 1- бөлігімен кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.                                                                                       

Үкім занды күшіне енбеген.

Источник: 
Қазалы аудандық сотының аспасөз қызметі