Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға соттың кеңсе меңгерушісі мен бас мамандары қатысты.

Қатысушылар сот тәжірибесінде еңбек дауларын қарау және шешу кезінде заңнамалардың кейбір нормаларын бірыңғай қолдану мақсатында шығарылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N9 нормативтік қаулысын талқылады.

Семинар сабағы жұмысы барысында судья Е.Е.Шевцова, арнайы нормативтік құқықтық актілермен реттелмеген еңбек даулары бойынша құқықтық қатынастарды қарау кезінде, соттар Еңбек кодексінің нормаларын басшылыққа алулары тиіс екендігін атап өтті.

Шара қорытындысы бойынша қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға түсінік берілді.

Источник: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі