Сотта оқып үйрену семинары өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық  сотының кеңсе қызметкерлері арасында «Төрелік» ақпараттық жүйесіндегі жаңашылдықтарды түсіндіруге арналған семинар өтті.   

Кеңсе меңгерушісі  А.Кульманова   «Төрелік» бағдарламасымен кіріс –шығыс құжаттарын тіркеу, оларды тиісті құжаттармен байланыстыру, шығысталған құжаттарды тіркеу, тізімін әзірлеу, ШПИ бөлігін толтыру тәртібімен түсіндірме жүргізді. Сондай-ақ, істерді «Төрелік» бағдарламасынан іздеп табуды үйретіп, ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына және азаматтардың сұратуларының арта түсуіне байланысты сот жүйесінде жаңа ұстанымдарды қолдану қажеттілігі туындап отырғанын атап өтіп, сот төрелігі жөніндегі жұмыстарды оңтайландырудағы перспективті бағыттарының бірі сот ісін жүргізудің барынша ашық болуына қол жеткізу үшін ақпараттық технологияларды, оның ішінде аудио-бейне жазба құралдарын қолдану болып табылатынын және заманауи технологияларды қолдану-соттар қызметінің қолжетімділік, ашықтық және тиімділік тәсілдерінің бірі болып табылатыны туралы айтты.

Сонымен қатар, облыстық сотпен хат алмасу  «Төрелік» ақпараттық жүйесімен жүргізілетінін, тапсырмаларда «Төрелік» арқылы келіп түсіп, тиісінше «Төрелік» арқылы жауап хаттар жолданылатынын кеңсе меңгерушісі ерекше назар аударды.

Соттың кеңсе мамандары жұмыс барысында туындаған мәселелер бойынша пайдалы пікір алмасу өткізді.

Источник: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі