Сот ұрлық жасаған азаматшаға қатысты үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 соты ұрлық жасаған сотталушы Г-ның қылмыстық ісін қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы Г. кафеде жұмыс атқарып жүріп, кассада тұратын жәбірленуші К-ның ұйықтап жатқанын көріп, кассалық апаратты пышақпен ашып, ішінен 69 000 тенге ақшаны ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жәбірленуші өкілі К. сот отырысы барысында сотталушыға кешірім бермейтінін, заң жүзінде шара көруді сұраған.

Сот үкімі бойынша сотталушы Г. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілемей, 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау орнатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.    

Источник: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі