«Сот үкімімен өмір бойына белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру қосымша жазаның орындалу мәселесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда  қаласының №2  сотында «Сот үкімімен  өмір  бойына   белгілі  бір  лауазымды  атқару  немесе белгілі бір қызметпен  айналысу  құқығынан  айыру  қосымша  жазаның   орындалу   мәселесі» тақырыбында  «дөңгелек  үстел»  өтті.

«Дөңгелек үстелге» сот төрағасы А.Әбу, судьялар Д.Алиев, кеңсе меңгерушісі М.Жүсіпбекова, қалалық прокуратурадан А.Саркөбен, ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінен Н.Алиев, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаменті республикалық ММ-нің өкілдері, Қызылорда облыстық әділет департаментінен Ж.Абсат, жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының басшысы  Н.Саймов және сот қызметкерлері, Қоғам ТВ-нің тілшісі қатысты.

Іс-шараны сот төрағасы Әбу Айбек ашып, Қазақстан  Республикасы  ҚАК-нің  72-бабының 5-бөлігінің 2 тармағында   жазаларға  қосымша   жаза  ретінде  тағайындалған  жазаның  орындалуын ұйымдастыруды  сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі  пробация  қызметі  жүзеге  асыратынын атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында судья Алиев Думан баяндама жасады. Ол  өз баяндамасында сот актілерінің орындалуы жөнінде, яғни негізгі жазаға қосымша жаза ретінде қолданылған кезде олардың орындалуы болмақ екенін, сот актілеріндегі қосымша жаза ретінде белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығынан айыру түрiндегi жазалар қолданылып, заңды күшіне енген сот актілері  орындауға жіберілгеннен кейін, сот үкімі орындаусыз қайтарылу фактілері орын алып отырғанын айтты.

«Пробацияның қызметі  сотталған  адамның сот үкімінде көзделген белгілі лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға салынған  тыйымды   сақтауын   бақылайтындығы және өмір бойы айыру қосымша жазасы жүктелмейді деп нақты көрсетілмегендіктен, Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 72-бабына сай  белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бойынша  қосымша жазасының орындалуы  пробация қызметіне  жүктеледі»,-деді судья Алиев Думан.

Мұнан соң қатысушылар өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

«Дөңгелек үстел» соңында сот төрағасы Әбу Айбек Кеңесұлы қатысушыларға алғысын білдіріп, алдағы уақытта жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі