Сот шешімімен ата-аналық құқық қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ата-аналық құқық қалпына келтірілді.

Талапкер К. сотқа талап арыз беріп, онда  сот шешімімен  үш  баласына  қатысты  ата-аналық  құқығынан  айырылғанын, казіргі  уақытта  кәмелетке толмаған  Е. мен М.   балалар  ауылында  тәрбиеленіп жатырғанын, олармен  жие  кездесіп тұратынын, кіші  баласы  Д-ны өз  тәрбиесіне  алғанын, қазіргі  уақытта  баспанасы,  жұмысы  бар  екенін, балаларын  асырап  бағуға және дұрыс тәрбие беруге  толық  мүмкіндігі  бар  екенін көрсетіп, кәмелетке  толмаған балаларына қатысты  ата-аналық құқығын  қалпына  келтіруді  сұраған.

Сот шешімімен талапкердің талап арызы қанағаттандырылып, ата-аналық қалпына келтірілді.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі