Сот шешімімен алимент мөлшері төмендетілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алимент мөлшерін азайту туралы азаматтық ісін қарады.

Талапкер С. сотқа талап арыз беріп, онда сот бұйрығымен барлық  табысының 1/4 бөлігі мөлшерінде кәмелетке толмаған А. есімді баласын асырап-бағу үшін жауапкер Г-ның пайдасына алимент өндірілетінін, кәмелетке толмаған А. мен Б. есімді балаларын асырап-бағу үшін сот бұйрығымен жауапкер М-ның пайдасына 1/3 мөлшерінде алимент  өндірілетінін, өндірілген  алимент  көлемі 50 пайыздан  асып тұрғанын көрсетті. Соттан жауапкерлер М. және Г-ға төленетін алимент мөлшерін  төмендетуді сұраған.

Сот шешімімен талапкердің талап арызы қанағаттандырылды.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі