Сот қызметкерлері арасында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері арасында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағын кеңсе меңгерушісі А.Кайбалдиева бастап, күн тәртібіне тоқталып өтті.

Шара барысында психиолог-инспектор Ж.Әбдраманова хат-хабарларды қабылдау, өндеу, тіркеу және бөлу, шығыс хат-хабарларды тіркеу және есепке алу тәртібі туралы баяндады.

Сот істері мен материалдарды тіркеу және есепке алу тәртібіне бас маман Қ.Шакиев тоқталып өтсе, сот отырысының хатшысы А.Нұрғалиев «сот істерін қарауға дейін ресімдеу және адамдардың сотқа келуін қамтамасыз ету» нұсқаулығымен таныстырды.

Өз кезегінде жетекші маман Л.Баку «Үкімдерді, шешімдерді, ұйғарымдарды және қаулыларды орындауға беру» туралы баяндама жасады.

Семинар соңында қатысушылар тақырыптар аясында өзара пікір алмасты.          

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі