Сот актісін орындамағаны үшін сот әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабымен азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Арал аудандық сотының атқару парағына сәйкес, азамат К. мемлекет пайдасына 601 900 теңге төлеуге міндеттенген. Борышкерге сот орындаушысымен бірнеше мәрте атқару парағын орындау жөнінде ескертулер берілгенімен, сот актісін орындамаған.

Сот отырысында, құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, тұрақты жұмысы болмай, қаржылық қиыншылықтардың болуы себепті, аталған соманы мемлекет пайдасына төлеуге мүмкіндігі болмай жүргенін көрсеткен.

Сот қаулысымен құқық бұзушы К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669 бабымен кінәлі деп танылып, әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі