Сот ақтау үкімін шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында ҚР ҚК-нің 131 бабының 1 бөлігімен азаматша А-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша И. сотқа жеке айыптау шағымын беріп, қорлау, яғни абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiткені үшін, азаматша А-ны ҚР ҚК-нің 131 бабының 1 бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Қылмыстық істі қарау барысында сотпен сотталушы А. тарапынан азаматша И-ды қорлау дерегі өз дәлелін таппады.

Осыған байланысты, сот азаматша А-ны кінәсіз деп танып, оның әрекетінде ҚР ҚК-нің 131 бабының 1 бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты, ақтау үкімін қабылдады.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі