Шиелі аудандық соты 2017 жылдың 9 айын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында судьялар мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Баспасөз конференциясына аудандық «Өскен-өңір» және «Шарайна-Сейхун» газеттерінің тілшілері қатысты.

Журналистермен кесдесу барысында сот төрағасы міндетін атқарушы Ә.Түбекбаева  аудандық соттың 2017 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша мәліметтер берді.

2017 жылдың 9 айында аудандық сотта 105 қылмыстық, 563 әкімшілік, 884 азаматық іс аяқталып, азаматтық істер бойынша 233 талап арыз жеңілдетілген тәртіпте қаралған. 166 сот бұйрығы, 618 шешім шығарылып, 49 іс өндірістен қысқартылған. 23 іс медиация тәртібімен қысқартылса, 6 іс партисипативті медиациямен қысқартылған, қылмыстық істер бойынша 105 қылмыстық іс аяқталып, оның ішінде 64 адамға қатысты 52 іске үкім шығарылып, 57 адамға қатысты 48 іске қаулы шығарылып, 5 адамға қатысты 5 іс прокурға қайтарылған. 48 қылмыстық іс өндірістен тоқталып оның 32 қылмыстық ісі медиация тәртібімен тоқтатылып, 21 іс қысқартылған тәртіпте қаралған. Әкімшілік істер бойынша 563 әкімшілік іс қаралған, 504 әкімшілік іс бойынша әкімшілік жазаға тарту туралы қаулысы шығарылып, 53 әкімшілік іс өндірістен тоқтатылып, оның ішінде 8 әкімшілік іс медиация тәртібімен өндірістен тоқталтылып, 236 әкімшілік іс бойынша әкімшілік айыппұл салынып, 128 іс бойынша әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалып, 129 іс бойынша көлік құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолданылып, 1 іс бойынша ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы қолданылған.

Ә.Түбекбаева аудандық сотта ұсақ бұзақылық (ҚР ӘҚБтК-ң 434 бабы), жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру (ҚР ӘҚБтК-ң 608 бабы) санатындағы істердің көбейгенін айтып өтті.

Сонымен қатар, республика соттарының жұмысына енгізіліп жатырған жаңа технологиялар туралы, «Соттардың ахуалдық орталығы», «Сот кабинеті» сервистерінің қызметі, «Медиация және партисипативті рәсім тәртіптері» бойынша түсіндірме берді.

БАҚ өкілдері сот жүйесін жетілдірудегі жаңалықтармен танысып, өздерін қызықтыратын сауалдарын қойды.

Шара соңында төраға міндетін атқарушы А.Тубекбаева БАҚ өкілдеріне алғысын білдіріп, одан әрі бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.

Источник: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі