Сексеуіл ағашын заңсыз кескені үшін жазасын алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған  аудандық сотымен сотталушы М. және А.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы ісі қаралды.

Айыптау актісіне сәйкес, сотталушылар М. және А. 2017 жылдың наурыз айында  Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылының жанындағы мемлекеттік орман қорына кіретін 12,1 текше метр сексеуіл ағашын заңсыз кесіп, трактордың екі тіркемесіне тиеп алып, кетіп бара жатқан жерлерінде орман шаруашылығы мен полиция қызметкерлеріне ұсталған. Соның салдарынан мемлекетке 137 275 теңге мүліктік зиян келтірілген.

Сотталушылардың қылмыстық теріс қылық әрекеті, сотта өздерінің айыбын  мойындап берген жауаптарымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Аудандық соттың үкімімен сотталушылар Қазақстан Респуликасы ҚК-нің  340-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, әрқайсысына 150  сағатқа  қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды және мемлекетке келтірілген залал өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі