Отбасылық жанжал үшін әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Е. алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде, өз үйінде қарындасымен айқайласып, оған балағат сөздер айтып, оның жанжалды доғар деген талабына құлақ аспаған.

Сотта жәбірленуші Г. құқық бұзушымен татуласпағанын, заң жүзінде оған шара көруді сұрайтынын көрсеткен.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Е. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі