Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жаңа төрағаны таныстырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін  Қызылорда облысы әкімдігі ғимаратында өткен актив отырысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасы Президентінің  2017 жылғы 14 маусымдағы №499 Жарлығымен жаңадан тағайындалған Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев пен облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхади Шиғамбаевты таныстырды.

Ал 5 жылға жуық уақыт  Қызылорда облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған Қайырбеков Нұрлан Мұратұлы Елбасының Жарлығымен Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Аймақ басшысы жемісті еңбегі үшін Нұрлан Қайырбековке ризашылығын білдіріп, Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.

Өз кезегінде Нұрлан Қайырбеков 5 жыл әріптестік орнатып, қызметтік қарым қатынаста араласа жұмыс жасаған сыр еліне алғысын жеткізді.

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі