Неке бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында талап қоюшы А. мен жауапкер Н-ның неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы А. өз талап арызында, жауапкермен заңды некеде тұрғанын, некеден ортақ кәмелеттік жасқа толмаған балаларының барын, жауапкермен мінездері жараспағандықтан, отбасы болып тұруға мүмкіншілік жоқтығын айтып, көрсеткен.

Сотта, тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіп, соттан азаматтық істі өндірістен тоқтатуды сұраған.

Сот медиация тәртібіндегі келісімді бекітіп, азаматтық іс өндірісі тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі