Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Шараға кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев және  сот қызметкерлері  қатысты.

Кеңсе менгерушісі мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақыты мен одан тыс уақытта мемлекеттік қызмет жөніндегі заңдарды ұстанып, жалпы моральдық нормаларды сақтау керектігін айтты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ, биыл  өткізілген мемлекеттік қызметшілердің аттестациалануы әрбір қызметкердің кәсіптік деңгейінің көрсеткіші болатыны туралы айтылды.

Семинар соңында соттың әрбір қызметкері мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің ережелерін, еңбек тәртібін қатаң сақтауды, қызметтік міндеттерін орындау кезінде  адал, әділ, қарапайым болуға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді  пайдалану  қажет екендігін үнемі басты назарда ұстауды тапсырды.

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі