Медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талап қоюшы  К. өзінің иелігіндегі автокөлігін сатып беруге жауапкер Ж-ға 1 ай мерзімге сенімхат берген. Алайда жауапкер Ж. сенімхаттың 1 ай мерзімге берілгеніне қарамастан талапкердің рұқсатынсыз азамат О-ға талапкердің автокөлігін сатуға сенімхат беріп, азамат О. автокөлікті әйелінің атына сату-сатып алу шартымен аударып жіберген. Талапкер К. өзінің автокөлігі үшін ақша алмағанын көрсетіп, автокөлікті сату үшін берілген сенімхаттарды, сату-сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тануды және автокөлігін қайтарып алып беруді сұрап сотқа талап арызбен жүгінді.

Қызылорда қалалық сотының шешімімен талап қоюшы К-ның талап қою арызы қанағаттандырылған.

Сот шешімімен келіспей, жауапкер бірінші сатылы сот шешімін бұзуын сұрап апелляциялық шағым берді.

Сот отырысы барысында тараптар дауды бітімгершілік келісімімен реттеу туралы өтініштерін білдірген.

Сот бекіткен бітімгершілік келісім талаптарына сай, жауапкер талап қоюшыға автокөлігі үшін 3 500 000 теңгені 05.08.2017 жылға дейін беруге, талап қоюшы көрсетілген соманы алуға, арадағы дауды татуласу келісіміен тоқтатуға келісті.

Татуласу келісімі заңға қайшы келмейтіндіктен, басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтындықтан, апелляциялық саты соты татуласу келісімін бекітіп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі