Мас жүргізуші қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен сотталушы А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы А. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысына сәйкес 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырыла тұра, алкогольдік ішімдік ішіп масаң күйде көлік құралын басқарған.

Басты сот талқылауында сотталушы А. өзінің жасаған кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған көлік құралын басқару құқынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 56 725 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі