Мал ұрлаған қылмыскерлер қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен  сотталушы Н., А. және И-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушылар бөтен мүлікті бірнеше рет адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша, аса ірі мөлшерде, пайдакүнемдік ұрлау мақсатында далалық жерде жайылып жүрген, іс бойынша жәбірленушілердің иелігіндегі 56 ірі қара малдарын жасырын ұрлап, сатып бас пайдаларына жаратып, 14 жәбірленушіге аса ірі мөлшерде залал келтірген.

Сот талқылауында сотталушылар қылмыстық әрекеттерін мойындап, сот талқылауында зерттелген құжаттар және бейне көріністерден кейін қынжылып кешірім сұраған.

Аудандық соттың үкімімен  Н., А. және И. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеп 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын айыру түріндегі жазасы тағайындалды. 

Талап қоюшы жәбірленушілердің пайдасына сотталушылардан келтірілген залалды өндірілуге шешім қабылданды.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі