Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен өткізілген дөңгелек үстелге қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Айбек Дауренбеков облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен өткізілген «Мемлекеттік ұйымдардың заң бөлімшелері қызметтерінің тиімділігін арттыру мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Сонымен бірге, іс-шараға Қызылорда қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы, құқық қорғау және уәкілетті органдардың өкілдері қатысты.

Отырыстың басым бағыты ретінде мемлекеттік сатып алу барысында туындайтын даулар бойынша тәжірибелік кеңестер беру белгіленді. Себебі, жергілікті экономикалық сотпен қаралатын істердің басым көпшілігін құқықтық қатынастардың осы саласында туындаған даулар құрайды.

Іс-шара барысында азаматтық істерді қарау кезінде мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу кезінде орын алған қателіктерін, атап айтқанда міндеттемелерін тиісті дәрежеде орындамаған тұлғаларды мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арыздарын кешіктіріп беру, олардан тұрақсыздық айыбын ұстап қалмай шарт сомасын толық аударып жіберу, заңнамалармен көзделген құқықтарын толық көлемде қолдана білмеу мәселелері талқыланды.

Шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікірлерімен алмасып, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Источник: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі