Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында судьялар мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында сот төрағасы Қ.Абдуллаев  аудандық соттың 2017 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша мәліметтер берді.

2017 жылдың 9 айында аудандық сотта 35 қылмыстық, 165 әкімшілік, 519 азаматық іс қаралып аяқталды.

Азаматтық істер бойынша 421 шешім шығарылып, 60 іс өндірістен қысқартылған. 31 іс медиация тәртібімен қысқартылса, 1 іс партисипативтік тәртіппен қысқартылған. Қылмыстық істер бойынша 35 қылмыстық іс аяқталып, оның ішінде 49 адамға қатысты 28 іске үкім шығарылып, 10 адамға қатысты 7 іске қаулы шығарылып, 2 адамға қатысты 2 іс прокурға қайтарылған. 1 адамға қатысты 1 қылмыстық ісі медиация тәртібімен тоқтатылды.       

Әкімшілік істер бойынша 165 әкімшілік іс қаралған, 144 әкімшілік іс бойынша әкімшілік жазаға тарту туралы қаулысы шығарылып, 16 әкімшілік іс өндірістен тоқтатылып, 1 іс бойынша құқық бұзушыға ескерту берілген, 4 әкімшілік іс соттылығы бойынша жолданаған.

Төраға Қ.Абдуллаев аудандық сотта кәмелетке толмағандармен жасалған ұсақ бұзақылық (ҚР ӘҚБтК-ң 435 бабы), кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру (ҚР ӘҚБтК-ң 132 бабы), кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы  (ҚР ӘҚБтК-ң 442 бабы) санатындағы істердің көбейгенін айтып өтті.

Шара соңында төраға Қ.Абдуллаев БАҚ өкіліне алғысын білдіріп, одан әрі бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.

Источник: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі