Қызылорда облыстық сотының төрағасы судья лауазымына үміткерлермен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев жергілікті соттардың төрағалығына және судьялыққа үміткерлермен кездесті.

Кездесуге 1 жылдық тағылымдамадан өтіп, жалпы отырыстың оң қорытындысын алған судья лауазымына және аудандық соттардың төрағасы лауазымына үміткерлер шақырылды.

Қамбар Жұмабайұлы үміткерлердің әрқайсысымен жеке әңгіме жүргізіп, олардың  өмірбаяндары және атқарған еңбек өтілімен танысты.

Әңгімелесу барысында судьялық жұмыстың зор жауапкершілігі мен үміткерлердің судьялық лауазымға қойылатын жоғарғы талаптарға сай болу қажеттілігі айтылды.

Кездесу соңында Қызылорда облыстық сотының төрағасы үміткерлерге алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі