Қызылорда облыстық сотының төрағасы іс-сапармен Арал аудандық сотында болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрышев Қамбар Жұмабайұлы іс-сапармен Арал аудандық сотында болды.

Облыстық соттың төрағасы сот жұмысымен танысып, сот мәжілісі залдарын, сот мұрағатын, сондай-ақ медиация кабинетін аралап шықты. Аудио-бейнежазба және «Сот кабинеті» ақпараттық сервистерінің қолданылу мәселелеріне аса назар аударды.

Бұдан соң төраға судьялар мен сот қызметкерлерімен кездесіп, кеңес өткізді. Кеңесте талқыланған басты мәселе сот әділдігін жүзеге асыру және сот жұмысының сапасын ода әрі көтеру болды.

Облыстық соттың төрағасы медиация тәртібімен қаралған істер көрсеткіштеріне тоқталып, облыс бойынша Арал аудандық сотында медиация тәртібімен істердің ең көп қаралғанын атап өтіп, соттың бұл бағыттағы жұмысына оң бағасын берді. Сондай-ақ, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мақсатында, процессуалдық мерзімдерді сақтау, әзірлік жұмыстарын тиісті түрде жүргізу, әуре-сарсаңға салмау және негізсіз талап арыздарды қайтаруды болдырмау, медиация саласын ілгерілету жұмыстарын жүргізу және ақпараттық сервис жұмыстарын жандандыру секілді нақты тапсырмалар берді.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі