Қызылорда облыстық сотында Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қызылорда облыстық сотында Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Қуаныш Әбілдаев, Қызылорда облыстық сотының төраға міндетін атқарушы Бақытжан Қалымбет, сот судьялары, соттар әкімшісі басшысының орынбасары Мөлдір Асанова және облыс соттарының кеңсе меңгерушілері мен сот мамандары қатысты.

Жиынды ашқан Бақытжан Қалымбет мемлекеттік қызметтің маңыздылығын, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы мемлекеттік қызметті жаңа деңгейге көтеру, яғни кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың рөлін ерекше атап өтті.

«Елбасының құқықтық реформалар аясында беріліп жатқан нақты тапсырмалардың жүзеге асуы үшін жауапкершілік мемлекеттік қызметшілерге артылады. Ал, Қызылорда облысы соттарының қарқынды дамуы Сіздердің тәжірибелеріңіз бен жiгерлеріңізге тікелей байланысты» - дей келе, Бақытжан Қалымбет сот мамандарын ел игілігі жолындағы жауапты да, абыройлы еңбектеріне табыс, бейбітшілік, өзара келісім тіледі.

Сондай-ақ, салтанатты шарада жас мемлекеттік қызметшілер ант қабылдап, оларға қызметтік куәлік тапсырылды.

Мерекенің құрметіне орай бірқатар сот саласының қызметкерлері әр түрлі наградалармен марапатталды.

ҚР Жоғарғы Сотының ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төс белгісі Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің кеңсе меңгерушісі Елтай Бөрібаевқа табысталды.

Ал, Қызылорда облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Айнұр Қайбалдиева, «Алғыс хатымен» Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кеңсесінің бас маман-сот мәжілісінің хатшылары Нұргүл Бисембаева және Лаура Алтынбаева марапатталды.

Қызылорда облыстық соты төрағасының «Құрмет грамотасы» Қызылорда облысы сотының бас мамандары Алмагүл Күншығарова мен Дархан Махамбетовке табысталды.

ҚР Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының «Алғыс хатын» Қызылорда қалалық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшылары Темірлан Ахметов пен Ерлан Жетпісбайұлы иеленді.  

Сондай-ақ, Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының «Алғыс хатымен» Сырдария аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы Мендігүл Асан және Қызылорда қалалық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Гаухар Оспанова марапатталды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің «Алғыс хатына» Қызылорда облыстық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Несібелі Нұрахметова, облыстық соттың бас маманы Ляззат Төлебаева, Қызылорда қалалық сотының жетекші маманы Ұлболсын Сағынаева, Қызылорда қаласының №2 сотының бас маманы Балауса Алжанова, Сырдария аудандық сотының бас маманы Балтабай Бисенбай ие болды.

Сонымен бірге, ЕКСПО – 2017 Халықаралық көрмесінің билеттері сот жүйесінде ұзақ жылдар қызмет атқарған мамандарға табысталды.

Жиын барысында Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты мақаласындағы «100 жаңа есім» жобасы аясында мемлекеттік қызметте 35 жылға жуық қызмет атқарған облыстық соттың бас маманы Несібелі Нұрахметова туралы әзірленген бейнесюжет көрсетілді.

Салтанатты жиын соңы сот қызметкерлерінің ұйымдастыруымен дайындалған мерекелік концертке ұласты.

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі