Қызылорда облыстық сотында атқару құжаттарын электронды жолдау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облыстық сотында атқару құжаттарын электронды жолдау кезінде туындайтын мәселелерді талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өтті.

Жиынға Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің кеңсе меңгерушісі Е.Бөрібаев, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері, Қызылорда облысы бойынша Әділет Департаментінің және жеке сот орындаушылардың өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы жолданған атқару құжаттары бойынша туындаған мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, кеңсе меңгерушілері тарапынан қазіргі уақытта барлық атқару құжаттары сот органдарынан «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы өңірлік палатаға жолданып, алайда кей жағдайларда атқару құжаттары негізсіз кері қайтарылып отыратындығы айтылды.

Іс-шара соңында сотпен жолданған атқару құжаттарын негізсіз қайтару фактілерін болдырмау туралы және айтылған кемшіліктер бойынша тиісті заңнамаларды көтеріп, шешімге келу жөнінде ұсыным айтылды.

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі