Қызылорда облыстық соты сот қызметкерін құрметті зейнет демалысына шығарып салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облыстық сотының ұжымы Соттар әкімшісінің қызметкері Айткүл Маханбетованы құрметті зейнет демалысына шығарып салды.

Құттықтау сөзінде облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев Айткүл Маханбетованың сот саласында 20 жылдан астам адал, жауапты жұмыс жасағанын атап өтті.

Ал, Соттар әкімшісінің басшысы Азамат Жұмамұратов Айткүл Алпысбайқызына зор денсаулық, қажымас қайрат тілей отырып, көп жылғы еңбегі үшін Құрмет грамотасын тапсырды.

Сондай-ақ, облыстық сот төрағасы Қамбар Нұрышев пен ҚР Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Айбек Дәуренбеков Айткүл Маханбетоваға арнайы құттықтау адресаты мен сыйлықтарды табыстады.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі