Қызылорда қаласының №2 сотында кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотында өткен семинарда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 3 шілдедегі Заңы талқыланды.

Іс-шараға облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбет, Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы мен судьялары қатысты.

Алқа төрағасы Бақытжан Қалымбет Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар заңнама қағидаларын ізгілендіруге және азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталғанын атап өтті.

Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы қылмыстық кодекске енгізілген 380-1-бап, яғни «Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық» туралы тарқатып айтып берді.

Іс-шара соңында қатысушылар заңнамаларға енгізілген түзетулердің артықшылықтарын айтып, өз ойларымен бөлісті.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық №2 сотының баспасөз қызметі