Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қызылорда қаласының №2 сотының  судья Д.И.Алиев  қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

Іс-шараға келген Қызылорда қаласының тұрғыны П.Тасбеков келіп, өзін толғандырып жүрген мәселелері бойынша сауалдарын қойды.

Қабылдауда болған П.Тасбековке заң нормаларын  түсіндіріліп, сауалдарына жауап  берілді.      

Қайнар: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі