Қызылорда қаласының № 2 сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Т.Тілеп өз өндірісіндегі  қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотталушы Қ. бөтеннің мүлкін алдау жолымен жымқыру максатында жәбірленуші А-ға несиеге қомақты сомадағы ақшаны алып бере алатындығына сендіріп, 15 000 000 теңге алып беремін деп, ол үшін сыйақысы ретінде 1 500 000 теңгесін алдап алған.

Сот үкімімен сотталушы Қ. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1) тармағымен кінәлі деп танылып, 4 (төрт) жылға бас бостандығын айыруға жазаланып, ҚК-нің 63-бабы қолданылып тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы шартты деп саналды.

Аталған қылмыстық іс бойынша судья Т.Тілеп журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі