Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу фактілері бойынша брифинг өтті.

Шараны соттың судьясы К.Еспенбетова жүргізіп, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596 бабының 3 бөлігімен жинақталған азамат Ж-ға қатысты  әкімшілік  іс бойынша  ақпарат берді.

Істің мән жайына сәйкес, азамат Ж. өзінің басқаруындағы автокөлігімен Қызылорда қаласы Байтұрсынов көшесімен келіп, ҚР Жол жүрісі Қағидасының 9 бөлімінің 2 тармағының талаптарын сақтамай, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытқа жүруге арналған жағына шығып басқарған үшін полиция қызметкерлерімен оған қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы хаттамасы толтырылып, сотқа негізінен қарау  үшін жолданған.

Алайда, істі қарау барысында сот, құқық бұзушы Ж. оқиға болған күні Арал ауданында болғанын, автокөлікті інісі М. басқарғанын, полиция қызметкері құқық бұзушының жеке басын дұрыс анықтамай, хаттама толтырғанын анықтады.

Сот қаулысымен әкімшілік іс құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылып, құқық бұзушы Ж. әкімшілік жауаптылықтан босатылды.

Брифинг соңында БАҚ өкілі әкімшілік іс бойынша сауалдар қойып, қойған сауалдарына нақты жауаптарын алды.

Источник: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі