Қызылорда қалалық сотының судьялары жергілікті телеарналарға сұхбат берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Қызылорда қалалық сотының судьялары К.Ә.Сәдуақасова мен Ж.Қ.Дербісалиева Қазақстан РТРК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы телеарнасының және Қызылорда қоғамдық телеарнасының журналистеріне сұхбат берді.

Судьялар коммуналдық төлемдер өндіруші мекемелер тарапынан сотқа талап арыз беру барысында жіберілетін кемшіліктерге, атап айтқанда азаматтарды жауапкер ретінде тартудан бұрын мекен-жай бойынша тексеру жұмыстарының дұрыс жүргізілмейтіндігіне, соның салдарынан қарызы жоқ, коммуналдық төлемдері төленген, қолында түбіртектері бар азаматтарға қатысты талап арыздар беріліп жатқандығына тоқталды.

 Коммуналдық қарыздарды тез арада өндіру және коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге ат салысу мақсатында аталған азаматтық істердің жеңілдетілген тәртіппен тез арада қаралып жатқандығын, сол себепті, талап қою арыздарын сотқа жолдау алдында жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп, өз еркімен қасақана төлеуден бас тартып отырған пайдаланушылар бойынша ғана сотқа жүгіну қажет екендігі атап көрсетілді.

Источник: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі