Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында Қызылорда облысы бойынша судьяларының әдебі жөніндегі комиссия төрағасы А.Әбудің, комиссия мүшесі судья А.Сайдуллаевтың, сондай-ақ, сот төрағасы М.Еркінбековтің, судьялардың қатысуымен жедел кеңес өтті.

Жедел кеңесте әдеп жөніндегі комиссия төрағасы А.Әбу судьяның жақсы жұмысының көрсеткіші арыздың аз түскені емес, оның мүлде болмағанынан байқалады деді.

Сот отырыстарында төрағалық етуші судья дауыс көтермей, эмоцияға жол бермей өткізу қажет екендігі, судьның мақсаты сол жерде дауды жанжалға айналдырмай түсіндіре отырып дауды шешу жолдарын ұсыну екендігін атап көрсетті.

Комиссия мүшесі А.Сайдуллаев түскен арыздар бойынша талқылау жұмыстарын жүргізіп, оларды қайталамау үшін шара көру керек екендігін атап көрсетті.

Қалалық сот судьялары осы бағыттағы атқарылуға жататын жұмыстары пысықтап, мақсаттар белгіледі.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі