Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы судья А.Ж.Молдабекова судьялардың және кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен Қызылорда облыстық сотының жалпы отырысының хаттамалық шешімін орындау мақсатында жедел кеңес өткізді.

Жедел кеңесте сот төрағасының міндетін атқарушы хаттамалық шешіммен қойылған талаптарға, атап айтқанда, сот отырыстарын тағайындалған уақытта бастау, сот актілерін заң талаптарына сәйкес мерзімде әзірлеу, ақпараттық деректер жүйесіне мерзімінде енгізу және электрондық цифрлық қолтаңбамен рәсімдеуге тоқталды. Сондай-ақ, сот қаулыларын тараптарға мерзімінде жолдау мен атқару парақтарын тиісінше әзірлеу жұмыстарына ерекше тоқталды. 

Қалалық сот судьялары және сот отырысының хатшыларымен бірлесе отырып «Сот кабинеті» электрондық жүйесі арқылы түсетін құжаттардың санын арттыруға бағытталған іс-шараларды талқылады.

Источник: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі