Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Ж.Молдабекова судьялармен сот 2017 жылдың 6 айында сот отырысы кейінге қалдырыла отырып қаралған істер бойынша туындаған сұрақтарға қатысты жедел кеңес өткізді.

Жедел кеңесте сот төрағасының міндетін атқарушы судьяларды «Төрелік» ақпараттық жүйесімен автоматты түрде қалыптастырылып отыратын сот отырыстарын кейінге қалдыруға қатысты талдаумен таныстырды.

Талдауда көрсетілген істер бойынша нақты мысалдар талқыланды және сот төрағасының міндетін атқарушы судьяларға азаматтық істердің қаралуын кейінге қалдыруды мүмкіндігінше азайту, істерді сапалы және тез арада қарау мақсатында тапсырмалар берді.

Сот әділдігін жүзеге асыру сапасын арттыру мақсатында ұсыныстар талқыланды.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі