Қызылорда қалалық сотында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасы М.Ж.Еркінбековтің, судьялардың, Қызылорда облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ш.Қожантаевтың, ҚСжАЕЖ Қызылорда облысы бойынша басқармасының прокуроры М.Асановтың қатысуында «Сотқа құрметтемеушілік білдіруге қатысты құқықбұзушылық әрекеттерін қарау барысындағы көкейкесті мәселелерді анықтау» тақырыбында  семинар  өтті.

Семинарда сот төрағасы М.Ж.Еркінбеков сотқа құрметтемеушілік көрсетуге қатысты жауапкершілік қарастырылған қолданыстағы заң талаптарына тоқталды.

ҚСжАЕЖ Қызылорда облысы бойынша басқармасының прокуроры М.Асанов жауапкершілікке тартылған тұлғаларды тіркеу мен есеп жүргізу тәртібіне тоқталды.

Қызылорда мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ш.Қожантаев аталған санаттағы материалдарды қарау тәртібіне тоқталды.

Семинар барысында аталған санаттағы істерді қарауда туындаған сұрақтар бойынша жоғарғы тұрған соттарға енгізу үшін ұсыныстар келтірілді.                  

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі