Қызылорда қалалық сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің  қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясын Қызылорда қалалық сотының төрағасы М.Ж.Еркінбеков жүргізді.

Қызылорда қалалық сотына 2017 жылдың алты айында 11 414 азаматтық іс пен талап арыз түскен.

Аяқталған азаматтық істердің саны 9712 /2016 жылдың 6 айында 5 422/ істі құрады.

 Есепті кезеңде негізінен қаралған істердің санаттарын еңбек қатынастарынан туындайтын даулар, неке және отбасы қатынастарынан туындайтын даулар, заңдық маңызы фактілерді анықтау туралы, тұрғын үй қатынастарынан туындайтын даулар, жер құқық қатынастарына байланысты даулар бойынша істер, ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер құрап отыр.

Осы күні сот процестері аудио-бейне жазу құрылғыларын қолдана отырып өтетіндігі айтылды.

Сонымен бірге, сот судьялары және сот қызметкерлерімен жариялықты қамтамасыз ету және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасау мақсатында, БАҚ-да  мақалалар жарияланып, телеарналардан сұхбаттар беріліп, «Ашық есік күндері»  өткізілгендігін атап көрсетті.

Іс-шара соңында баспасөз өкілдері өз тараптарынан тақырып аясында сауалдарын қойып, жауаптарын  алды және сот жұмысын ұйымдастыру барысына ұсыныстары мен тілектерін білдірді.

Источник: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі