Қызылорда қалалық соты 2017 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстарын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.   

Іс-шараны қалалық соттың судьясы, БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші Камшат Садуақасова ашып, сот жұмысының негізгі статистикалық көрсеткіштерімен таныстырды.

Қызылорда қалалық сотына 2017 жылдың 9 айында 15234 азаматтық іс пен талап арыз түскен, оның ішінде 7850  іс бойынша шешім шығарылған.

Баспасөз конференциясында Қызылорда қалалық сотының судьясы К.Садуақасова «100 нақты қадам» ұлт жоспарының орындалуы мақсатында кәсіби сот жүйесін дамытуға, соттардың жұмысына ақпараттық технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы аясында жан-жақты ақпарат берді.

К.Садуақасова бүгінгі таңдағы медиация заңының сот тәжірибесінде қолданылу жағдайы, оның тиімділігі мен маңыздылығын жеткізді.

Шара соңында баспасөз қызметін үйлестіруші К.Садуақасова қатысушыларға алғысын білдіріп, БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі