Қызметкерлерге жалақысын уақытылы төлемеген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында заңды тұлға «М» ЖШС-не қатысты  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462 бабының 3 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасымен тексеру тағайындау туралы актісіне сәйкес заңды тұлға «М» ЖШС-не берілген ҚР еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама талаптарын орындалуына бақылау жүргізілген. Нәтижесінде аталған нұсқама бойынша заңды тұлға «М» ЖШС-гі еңбек шарты тоқтатылған қызметкерлерге тиесілі төлемдерді толық және уақытылы төлеуге шаралар атқармай бұзушылықтарды жоймағаны анықталып, заңды тұлға «М» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.

Құқық бұзушы заңды тұлға «М» ЖШС-гі жасаған құқық бұзушылық үшін сот қаулысымен кінәлі деп танылып, оған 200 /екі жүз/ АЕК көлеміндегі 453800 (төрт жүз елу үш мың сегіз жүз) теңге айыппұл салынды.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі