Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 188-бабының 2-бөлігінің 3 тармағымен айыпталған азамат К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азамат К. бөтеннің мүлкін тұрғын үй жайға заңсыз кіру арқылы жасырын ұрлау мақсатында, ішімдік ішкен мас күйінде тұрғын үйге кіріп, үйдің терезесіне түскен автокөлік жарығын байқап, өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша қылмыстық әрекетін ақырына дейін жеткізе алмаған.

Басты сот талқылауында, сотталушы мен жәбірленуші «Медиация туралы» Заңының тәртібімен өзара татуласып, келісімге келіп, істі тоқтату үшін медиативтік келісімді сотқа ұсынды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 188-бабының 2-бөлігінің 3 тармағымен айыпталған К. ҚР ҚК-нің 68 бабының 1 бөлігіне сай айыпталушының жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты іс өндірістен тоқтатылды.

Қаулы  заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі