Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотымен ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 1 тармағымен  қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша, сотталушылар Ғ., Б. және Т. ұрлық жасап, жәбірленушіге барлығы 144900 теңге мүліктік шығын келтірген.

Сот отырысында сотталушылар өз кінәларын мойындап, қылмыстық жауапкершіліктен босатып, жәбірленушімен медиациялық тәртіппен келісімге келуіне байланысты істі тоқтатуды сұрады.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 27-бабының талабына сәйкес, медиатормен жасалған медиативтік келісімге сәйкес, тараптар медиация тәртібімен бітімге келді. Жәбірленушінің сотталушылар Ғ., Б. және Т -ға қояр талап-тілегі жоқ, келтірілген залал орнына келген. Қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш жазбаша медиативтік келісіммен бекітілген.

Жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты сотталушылар Ғ., Б. және Т.  Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.  

Источник: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі