Қылмыстық іс бойынша тараптар татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған  аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 131-бабының 2-бөлігінде көзделген азаматша А-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша Қ. сотқа жеке айыптау шағымын беріп, қорлау, яғни абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiткені үшін азаматша А-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 131-бабының 2-бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Істі сот отырысында қарау барысында жекеше айыптаушы Қ. айыптауынан бас тартатындығын және  істі тоқтатуды сұрайтынын көрсеткен.

Аудандық соттың қаулысымен жекеше айыптаушы Қ-ның айыптау шағымынан бас тартуына байланысты айыпталушы А-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 131-бабының 2-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі