Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотындажергілікті «Серік ТВ» телеарнасы өкілінің қатысуымен брифинг өтті. Брифингті аудандық сот судьясы М.Оспанов жүргізді.                                                                                                                

Шара барысында судья М.Оспанов ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен айыпталған  Н. мен Н-ға қатысты қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.                                                                                                                     

Іс құжаттарына қарағанда, сотталушылар алькоголдік еліту жағдайында, адамдар тобы болып, жәбірленуші Р-ға себепсіз тиісіп, оны екеуі ұрып-соғып, соңғының денсаулығына «жеңіл» дәрежелі зиян келтірген.   

Сот отырысы алдында тараптар медиатор көмегіне жүгініп, екі жақ келісім жасап, татуласып, қылмыстық іс медиатордың қатысуымен аяқталды.

Сот қаулысымен азаматтар Н. мен Н. ҚК-нің  68-бабының 1- бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.                                                                                                 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі