Көлік салығы бойынша берешек өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотымен Арал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ММ-нің борышкер К-дан көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, мемлекеттік кірістер басқармасымен борышкерге салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама берілгенімен,  салық берешегі өтелмеген.

Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 14 бабының 1 бөлігінің 1 тармағына сәйкес, салық төлеуші осы Кодекске сәйкес салық міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде орындауға міндетті.

Осы Кодекстің 369 бабының 3 бөлігінің талабына сай, салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін күн жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі болып табылады.

Сот аталған істі тараптарды шақырмай оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарап, талапты толықтай қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі