Көлік құралын алкагольді масаң күйде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында азамат А-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік іс бойынша азамат А. «ЗиЛ»» маркалы автокөлігін Жаңақорған кенті, Түгіскен-Жаңарық аралық тас жолының бойында алкагольді масаң күйде басқарған, яғни Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған. 

Аудандық соттың қаулысымен А. Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде  көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жылға көлiк құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген. 

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі