Көлік құралдарын басқару құқығынан 1 жылға айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 596-бабының 3-бөлігімен (көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) құқық бұзушы Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Н. автокөлігін Самара-Шымкент тас жолында, Бәйгеқұм елді мекенінде, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын бұзып, үздіксіз ақ жолақты қиып, кедергіні айналып өтіп, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып жүргізген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Н. ҚР ӘҚБК-нің 596 бабы 3 бөлігімен кінәлі деп танып, автокөлік жүргізу құқығынан 1 жыл мерзімге айырды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі