Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды

Құқық бұзушы М. Жаңақорған ауданы, М.Көкенов көшесінің бойында, темекі шегіп, қалдығын жерге тастап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ортақ пайдалану орнын ластап, ұсақ бұзақылық іс әрекет жасаған

Аудандық соттың қаулысымен азамат М. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 22690 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды.                                                                                                                                                                  

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі