Кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған  аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің  442-бабының 3-бөлігімен азаматша Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Е. кәмелетке толмаған 2001 жылы туылған М. есімді қызының заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23.00-ден кейін жүруіне жол берген, нақ осы әрекетті жыл көлемінде қайталап жасаған.

Аудандық соттың 2017 жылғы 12 маусымындағы  қаулысымен азаматша Е. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 /он бес/ айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі 34 035 теңге айыппұл сомасы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 819-бабының 2-бөлігін қолданып 30 пайызға  қысқартылып 23 825 теңге көлемінде  айыппұл  салынды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.       

Источник: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі