Кәмелет жасына толмаған жасөспірім ұсақ бұзақылық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында кәмелет жасына толмаған Х-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 бабының 1 бөлігімен  (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер бойынша) әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, кәмелет жасына толмаған жасөспірім Х. Қызылорда қаласы, Алтынсарин көшесінің бойында пластикалық бөтелкені жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, ұсақ бұзақылық іс әрекетті жасаған. Оның кінәсі іске тіркелген түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, полиция қызметкерінің мәлімдемесімен толық дәлелін тапты.

Сот құқық бұзушы кәмелет жасына толмаған Х.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, ҚР ӘҚБтК-нің 68 бабы бойынша әкімшілік жауаптылықтан босатып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 69 бабының 1 бөлігінің 1 тармақшасына сәйкес тәрбиелік ықпал ету шаралар тағайындап,  заң талаптары түсіндірілді.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі